Елімізде
«апатты жағдайда» деп танылған және 3 ауысыммен оқитын әлі де 10 мектеп
бар. Қазір мемлекет алдында тұрған басты
міндет - осы олқылықтың орнын түбегейлі жою. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды
дамытудың 2015-2019 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 58 жаңа нысан бой
көтермек. Осы орайда бюджет қаржысы мен ұлттық қордан бөлінетін қаржы жіті
қадағалауда болып, тиімді жұмсалуы керек. Бүгін «Нұр Отан» партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракция мүшелері осы тақырыпқа тереңнен үңіліп, құрылысы белгіленген уақытта бітпей
жатқан нысандардың барын анықтады.
Құдайберген
Ержан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясның мүшесі:
Министрліктің
сөзіне қарағанда, жұмыс жүйелі жүріп жатқан. Дегенмен бір-екі нысан жұмысының
аяқталуы мерзіміне тура келмей тұр екен. Оның үстіне комиссия алдында, жұмыс сапасы мен Елбасының тапсырмасы, яғни 3
аусымдағы мектептер мен апатты жағдайлардағы мектептерді толық жою мақсаты
тұр.
Қолданысқа
берілу мерзімінен кешіктірілген мекемелердің бірі - Шығыс Қазақстан облысы Риддер
қаласындағы 280 орындық балабақша. Жұмыстың уақытылы жүруіне ауа райының
қолайсыздығы себеп болған. Енді оны осы жылдың алғашқы тоқсанында аяқтау
көзделіп отыр. Мұнан өзге де сөз болған сын-ескертпелерді Білім және ғылым
министрлігі негізге алып, әсіресе, қолданысқа берілетін жаңа нысандардың сапалы
болуына ерекше көңіл аудармақ.
Эльмира
Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым
министрінің орынбасары:
Біздің
министрлікте өз кезегінде жергілікті атқарушы биліктегілермен және аудан
облыстардың білім басқармаларымен бірлесіп, ай сайын селекторлы жиын өтіп
тұрады. Олар жұмыстың қалай жүріп жатқаны, қандай қиындықтар бар екенін
қолма-қол жеткізіп отырады. Қазіргі таңда жұмыстар кестеге сай жүріп жатқанын
атап өткім келеді.