Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Құлсары тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда

AstanaTV
06.04.2024ж. 22:08
278
Құлсары тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда

Осы сағаттарда Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласынан Маңғыстау облысына 15 000-ға жуық адам, оның ішінде 5500-ге жуық бала эвакуацияланды. 21 уақытша орналастыру пункттеріне 1641 адам, оның ішінде 741 бала эвакуацияланды. 12000-нан астам адам туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Маңғыстау облысы ТЖД және ЖАО күштерімен сыйымдылығы 83000-нан астам адамды құрайтын 201 халықты уақытша орналастыру пункттері дайындыққа келтірілді.

Эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.