Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

ҚР ТЖМ: қазіргі уақытта 63 927 адам құтқарылды және эвакуацияланды

AstanaTV
07.04.2024ж. 00:30
283
ҚР ТЖМ: қазіргі уақытта 63 927 адам құтқарылды және эвакуацияланды

Осы уақытқа дейін Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 391 жеке тұрғын үй, 1059 саяжай үйі, түрлі мақсаттағы 79 ғимарат су астында қалды.

«Қазіргі таңда 63 927 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 45 мүмкіндігі шектеулі адам, 15 283 бала бар. Уақытша орналастыру пункттерінде 13 328 адам, оның ішінде 6 742 бала бар. Психологтар жұмыс істейді. Барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деп атап өтті ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою Департаментінің бастығы Кахарман Оразалин ОКҚ брифингінде.

Сонымен қатар, 10 688 бас ауылшаруашылық жануарлары қауіпсіз қашықтыққа шығарылды.

«Ұшқыштардың шеберлігі арқасында 2 607 адам құтқарылды, оның ішінде 760 бала бар. Тәулігіне 243 адам құтқарылды. Құтқару операциясы қиын жағдайда өтті», - деді спикер.

96 тоннадан астам гуманитарлық жүк жеткізілді, 7 млн 300 текше метр еріген су тартылды, 921 мыңнан астам қапшық және 970 мың тонна инертті материалдар төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына дәл қазір 8 779 адам, 1756 бірлік техника, 415 су айдау құралы, 65 жүзу құралы, 12 әуе құралы жауынгерлік кезекшілікте.