$494.87 €520.65 ₽4.91
×

26 мыңнан астам адам эвакуацияланды

AstanaTV
07.04.2024ж. 00:55
552
26 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Құлсары қаласындағы жағдай туралы Атырау облысы ТЖД өкілдері айтып берді

Құлсары қаласынан бүгінгі күні үш бағытта: Атырау қаласына, «ТШО» ЖШС, Маңғыстау облысындағы «Теңіз» вахталық қалашығына теміржол, автомобиль көлігі, автобустарды тарта отырып, эвакуация жүргізілді.

«Бүгінгі таңда барлығы 26 109 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 834 бала бар. Құлсары қаласында 14 уақытша орналастыру пункті ашылды, онда дәрігерлер, психологтар барлық қажетті көмекті көрсетеді», - деді ОКҚ брифингінде Атырау облысы ТЖД бастығының м.а. Руслан Шариев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қалада судың төмендеуі байқалады.