«Интер Майами» футбол клубы MLS-тің 7-ші турындағы "Колорадо Рэпидзпен" болатын матчқа Лионель Мессидің қатысатынын мәлімдеді, деп жазды S-Sport телеграм арнасы.
Клубтың X әлеуметтік желісінде:«Ол оралды», - деген жазба жарияланды.
Месси соңғы үш аптада сіңір жарақатына байланысты ойындарға қатыспады. 2 сәуірден бастап аргентиналық футболшы команданың таңғы жаттығуына қатысып жүр.
Биылғы маусымда Месси бес матчқа қатысып, бес гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Клубпен келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жасалған.