Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Өңірлерде 72 029 адам қауіпсіз жерге көшірілді

AstanaTV
07.04.2024ж. 10:45
254
Өңірлерде 72 029 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Қазіргі уақытта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, БҚО және СҚО-да 3686 жеке тұрғын үй, 550 аула аумағы және 1822 саяжай үйлерін су астында қалды.

Су тасқыны басталғалы бері 72 029 адам, оның ішінде 16078 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді.

Уақытша орналасу пунктерінде 14 368 адам оның ішінде 7255 бала орналастырылды. Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұлан әуе кемелері құтқару жұмыстарын жалғастыруда.