$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Құлсары қаласының 7 шағын ауданына төніп тұр

AstanaTV
07.04.2024ж. 13:39
666
Құлсары қаласының 7 шағын ауданына төніп тұр

Атырау облысындағы Құлсары қаласының 7 шағын ауданын тасқын су қаупі төніп тұр.

Атырау облысының жедел штабынан ақпаратына сүйенсек, бүгін, 7 сәуірде сағат 08:00-дегі мәліметке сәйкес Құлсары қаласында 2 810 тұрғын үй мен әкімшілік нысандар су астында қалған. Алты бизнес нысанының ауласына тасқын су кірген.

«Құлсары қаласындағы «Атырау», «Достық», «Мирас», «Жадырасын», «Мерей», «Шұғыла», мешіт маңы ауылынан 31 наурыздан бері 29 545 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Оның 7 396 бала бар. Эвакуациялық пункттерге 8 011 адам орналастырылды. Олардың 4578-і – балалар», -деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Тасқын су қаупі Құлсары қаласындағы «Береке, «СМП-224», «9-ауыл», «Атамұра», №1,3-шағын аудандар мен 5-ауылға төніп тұр.