Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жайық өзенінің арнасын мұз жамылғысынан тазарту жұмыстары жүргізілуде – министрлік

AstanaTV
07.04.2024ж. 20:46
291
Жайық өзенінің арнасын мұз жамылғысынан тазарту жұмыстары жүргізілуде – министрлік

Қостанай облысының Қаратомар су қоймасынан су ағызу секундына 3250 текше метрді құрайды. Су қоймасы 99% - ға толды, ол транзиттік режимде жұмыс істейді, суды жіберу көлемі ұлғаюы мүмкін. СҚО-да Сергеев су қоймасынан секундына 3820 текше метр су, Петропавл су қоймасынан секундына 73,1 текше метр су ағызылады. Екі су қоймасы да 100%-ға толтырылған. 

«Ақмола облысындағы Астана су қоймасы транзиттік режимге өтті, қазір одан секундына 400 текше метр су жіберіледі. Сілеті су қоймасынан секундына 150 текше метр су ағызылады. Нысан 99,4% - ға толды», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

БҚО-да әлі күнге дейін Шаған өзені деңгейінің жоғарылауы байқалады, секундына 680 текше метр су жіберіліп жатыр, Деркөл өзенінің бойында су деңгейі төмендеді. Жайық өзенінде су тасқынының екінші толқыны күтіледі.

«Қазір Су ресурстары және ирригация министрлігінің қызметкерлері Батыс Қазақстан және Атырау облыстары әкімдіктеріндегі әріптестерімен бірге Жайық өзенінің арнасын мұз жамылғысынан тазарту және су тасқынын азайту үшін кептелістерді болдырмау бойынша жұмыс жүргізуде», - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі.

Ақтөбе су қоймасына келетін ағын бүгінде тұрақтанды. Нысан 97%-ға толтырылған, қалпына келтіру секундына 50 текше метрді құрайды. ШҚО су қоймаларында су тасқыны келесі аптаның басында болады деп күтілуде. Бұқтырма су қоймасына күтілетін орташа ағын 1780-2720 млн текше метрді, Шүлбі су қоймасына – 2380-3730 млн текше метрді құрайды.