$516.93 €542.52 ₽4.98
×

«AMANAT» партиясы Астанадан жөнелткен гуманитарлық көмек Батыс Қазақстан облысына жетті

AstanaTV
08.04.2024ж. 10:24
455
«AMANAT» партиясы Астанадан жөнелткен гуманитарлық көмек Батыс Қазақстан облысына жетті

«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының қызметкерлері жөнелткен гуманитарлық көмек Батыс Қазақстан облысына жетті. 

Елордалықтар жинаған гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлікпен қатар, балалар мен ересектерге арналған жылы киімдер, резеңке етіктер, тұрмыстық заттар және т.б. керек-жарақ дүниелер бар.

«Астанадан жөнелтілген гуманитарлық көмек Оралға жетті. Айналдырған 15-20 минуттың ішінде жастар жүк көлігіне тиелген азық-түлікті түсіріп, қоймаға кіргізіп үлгерді. Енді Қырғызстан мемлекеті жолдаған көмектің алғашқы легі келеді», – деді Абзал Құспан.

Сондай-ақ «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Афиза Семгалиева Астанадан БҚО-ға 28 тонна гуманитарлық көмек жеткізілгенін айтып, партияластарға алғысын білдірді.

«Бүгін әріптестеріміз зардап шеккен тұрғындарға жіберген гуманитарлық жүк көлігін күтіп алдық. Барша қолдау білдірген азаматтарға үлкен алғыс айтамыз», - деді ол.