$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«AMANAT»-тың Партиялық бақылау комиссиясы су тасқынының алдын алу жұмысымен танысты

AstanaTV
08.04.2024ж. 15:57
632
«AMANAT»-тың Партиялық бақылау комиссиясы су тасқынының алдын алу жұмысымен танысты

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері өңірдегі Үлкен Нарын, Катонқарағай, Күршім аудандарында су тасқынының алдын-алу жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесті.

«Аудандардағы көпірлер, суару каналдары, ауылдағы өзен арналарының тазалығы, техникалық жағдайы сараланды. Аталған аудандар аумағында төтенше жағдайға дайындық жұмысы толық жүргізілген. Алайда тау бөктерлеріндегі қардың толық ерімеуіне байланысты жағдайды күнделікті бақылауда ұстау қажет», – деді «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мұхтар Төлеген.

Сонымен қатар іссапар аясында комиссия мүшелері партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының орындалу барысымен танысып, жұмысты күшейту қажет екенін жеткізді.