Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қарулы Күштер су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысып жатыр

AstanaTV
08.04.2024ж. 16:26
244
Қарулы Күштер су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысып жатыр

7 - сәуірде іс-шараларды өткізу кезінде 814 адам ҚР ҚК жеке құрамы, 44 бірлік әскери техника, 3 бірлік армиялық авиация тікұшақтары, 2 бірлік әскери – көліктік авиация жұмылдырылды. Авиациямен 262 адам, сондай-ақ 4 200 келі жүк тасымалданды. Тікұшақ 19 және ұшақ 2 рейс жасады. 44 400 құм салынған қапшықтар дайындалып, қойылды. Ми - 8 тікұшақтарымен 178 азаматтық адам және 1 700 келі жеке заттар, 34 адам тасымалданып, 2 100 келі гуманитарлық көмек жеткізілді. С-295 ұшағымен Алматыдан Қостанайға жабдығымен 40 адам тасымалданды. Бұл туралы ҚР ҚМ ресми өкілі Руслан Жангулин ОКҚ алаңында хабарлады.

«Қостанай облысында аумақтық қорғаныс бригадасының 70 әскери қызметшісі Қостанай қаласының Затобольск ауданында 8 мың қап құм дайындап, 800 метр «Тобыл» өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарын жүргізді. Аумақтық қорғаныс бригадасының іс-қимылын үйлестіру үшін Қостанай облысына Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жұмыс орнына ұшып барды. Тобыл өзенінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстарын тексерді. Қазіргі уақытта жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында»,-деді спикер.