Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ф.Етьен: Қазақстан мен Франция арасында АРЕВА компаниясының акцияларын сатып алу бойынша келіссөздер жүріп жатыр

AstanaTV
25.01.2017ж. 20:00
2712
Ф.Етьен: Қазақстан мен Франция арасында АРЕВА компаниясының акцияларын сатып алу бойынша келіссөздер жүріп жатыр

Қазақстан мен Франция арасында АРЕВА компаниясының акцияларын сатып алу бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы "Астана" арнасына берген эксклюзивті сұхбатында Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етьен мәлімдеді. Айта кетейік, АРЕВА - атом энергетикасына құрылғылар шығарумен айналысатын франциялық ірі компания. Осы компания үлесін "Қазатомөндіріс" сатып алғалы жатыр деген ақпаратты бұған дейін де айтқан едік. Алайда, Қазақстан тарапы келіссөздерге қатысты мардымды мәлімет бермей келеді.

Франсис Етьен, Францияның ҚР төтенше және өкілетті елшісі:

Қазіргі таңда АРЕВА-ның капиталын қайта құру жасалып жатыр. Сондықтан біз ұзақ мерзімге созылатын әріптестік құру үшін акционерлер іздейміз. Дәл қазір бұл жайлы көп ешнәрсе айта алмаймын. Өйткені бұл процес жаңа ғана басталып жатыр. АРЕВА-ның Қазақстан үшін, Орта Азия аймағы үшін маңызды екенін атап өту керек. Көптеген келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қазақстан қашан алады, қандай бөлігін алады деген сұрақтарға Қазақстанның билік орындары жауап бере алады. Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Белгілі бір шешімге келген кезде хабарын айтатын боламын. 

АРЕВА-дан бөлек, бізде француз капиталымен жұмыс істейтін 130-дан астам компания бар. Сыртық істер министрінің орынбасарының айтуынша, 2005 жылдан бері елімізге құйылған француздық инвестициялар көлемі 13 млрд доллардан асты. Қазір француз компанияларымен мұнай өңдеу, машина жасау, инфрақұрылымдық нысандар және ғарыш саласында құны 1 млрд доллардан асатын бірлескен 7 инвест жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр. Роман Василенко сонымен қатар Атырау-Марсель қалаларының арасында экономикалық ынтымақтастық орнап жатқанын хабарлады. Әріптестік мұнай өндірісі, туризм және білім беру сынды бағыттар бойынша өрбімек.