$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астана темір жол вокзалының аумағында құрылым опырылып түсті

AstanaTV
25.01.2017ж. 20:00
3235
Астана темір жол вокзалының аумағында құрылым опырылып түсті

Астана вокзалының перронындағы құрылымның опырылуы пойыздардың кестесіне әсер еткен жоқ. Вокзал шаруашылығы департаментінің директоры осылай деп мәлімдеді. Мұндағылар, қалқанның құлауына желдің үдеуі мен қардың қалың жаууы себеп болуы мүмкін, дейді.

Қирандының жалпы көлемі 40 шаршы метрді құрап отыр. Куәгерлердің айтуына қарағанда, аспалы қалқа бірінші жолда тұрған «Астана-Лениногорск» пойызының вагонына құлаған. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Тексеріс жүргізу үшін арнайы комиссия өз жұмысын бастады.

Жұбан Көрпебаев, ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдік желі дирекциясының вокзал шаруашылығы департаментінің директоры:

Қазір қайта қалпына келтіру жұмыстарына кірістік. Бұл вокзалдың жұмыс барысына кедергі келтірген жоқ. Сәйкесінше, жолаушылар 2 және 3 жолмен діттеген жерлеріне аттандырылып жатыр.