Биыл
ел бойынша 361 шақырым көлік жолы пайдалануға беріледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол»
ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Темірхан Меңдіғалиев
мәлімдеді. Оның айтуынша биыл «Астана-Теміртау»,
«Астана-Павлодар-Семей», «Орал-Каменка», «Ақтөбе-Атырау»,
«Қапшағай-Талдықорған» жолдары тапсырылады.
Өткен жылы құрылыс маусымының соңында конкурс өткізіліп, Қарағанды мен
Теміртау аралығында цементті-бетонды жол жабындысы мен жол айырықтарын салу
бойынша үш мердігер анықталған.
Темірхан
Меңдіғалиев, «Қазавтожол» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Ол
учаскеге жол құрылысында айтарлықтай тәжірибелі ұйымдар кірді. Олар жыл ішінде
көзделген барлық жұмыстарды орындауға қауқарлы деп санаймыз. Сонымен қатар 2017
жылы 1 346 шақырымды құрайтын жаңа 27 учаске бойынша жұмыстарды бастау
жоспарланып отыр.