Мамыр айында Қазақстанда үш мемлекеттік мереке атап өтіледі.
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі - 1 мамыр;
Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр;
Жеңіс күні - 9 мамыр.
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі сәрсенбіге сәйкес келеді. Мерекеге орай бұл күні барлық қазақстандықтар демалады.
Отан қорғаушылар күні сейсенбіге, ал Жеңіс күні бейсенбіге тура келіп тұр. Сәйкесінше бұл күндері де демалыс күндері ретінде саналады.
Нәтижесінде, барлық демалыс күндерін ескере отырып, қазақстандықтар мамыр айында демалады:
бес күндік жұмыс аптасында-11 күн (1, 4, 5, 7, 9, 11, 12, 18, 19, 25, 26 мамыр);
алты күндік жұмыс аптасында-7 күн (1, 5, 7, 9, 12, 19 және 26 мамыр).