Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

2024 жылғы "Алтын допқа" басты үміткерлер рейтингі жаңарды

AstanaTV
09.04.2024ж. 15:43
175
2024 жылғы "Алтын допқа" басты үміткерлер рейтингі жаңарды

Goal басылымы 2024 жылғы "Алтын допқа" үміткерлер тізімін жаңартты. Рейтингке биыл бұл марапатты алуға мүмкіндігі жоғары 20 футболшының есімі енген.

Басылым қазіргі таңда басты фаворит ретінде "Реал Мадрид" ойыншысы Джуд Беллингемді бірінші орынған қойған. Одан кейінгі екі орынға Килиан Мбаппе мен Филип Фоден жайғасқан. Эрлинг Холанд болса төртінші орында.

"Алтын допты" алуда бәсекелесіп келген Роналду мен Месси де әлі үміткерлер қатарында. Португалдық футболшы 19-орында болса, аргентиналық жиырмалықты түйіндеп тұр.

"Алтын доптан" басты үміткерлер:

1. Джуд Беллингем ("Реал" Мадрид);

2. Килиан Мбаппе ("ПСЖ");

3. Филип Фоден ("Манчестер Сити");

4. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити");

5. Родри ("Манчестер Сити");

6. Гарри Кейн ("Бавария");

7. Мұхамед Салах ("Ливерпуль");

8. Винисиус Жуниор ("Реал" Мадрид);

9. Антуан Гризманн ("Атлетико");

10. Букайо Сака ("Арсенал");

11. Вирджил ван Дейк ("Ливерпуль");

12. Хулиан Альварес ("Манчестер Сити");

13. Деклан Райс ("Арсенал");

14. Кевин Де Брёйне ("Манчестер Сити");

15. Бернарду Силва ("Манчестер Сити");

16. Флориан Вирц ("Байер");

17. Лаутаро Мартинес ("Интер");

18. Родриго ("Реал");

19. Криштиану Роналду ("Аль-Наср");

20. Лионель Месси ("Интер Майами").