$494.87 €520.65 ₽4.91
×

СҚО су тасқынына қарсы іс-шараларға 3 мыңнан астам адам жұмылдырылды

09.04.2024ж. 20:00
391
СҚО су тасқынына қарсы іс-шараларға 3 мыңнан астам адам жұмылдырылды

Ал Премьер-Министрі Олжас Бектенов Петропавлда Есіл өзені арнасынан асып кеткен жағдайда қаланы және жақын маңдағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға арналған бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді. Онда Тепличное және Кожевенная ауылдарындағы қорғаныш үйінділерінің жағдайын қарап, Сергеев су қоймасындағы су деңгейінің жоғарылауына байланысты дайындық жұмыстарын пысықтады. Сондай-ақ Үкімет басышы бір күнде үй-жайынан, дүние-мүлкінен айырылған тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, еріктілер мен сарапшыларға алғысын білдірді. Олжас Бектенов бөгеттерді нығайту жұмыстарының қарқынын барынша жеделдетуді тапсырды. Өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларға 3 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Жұмысқа жеке құрам мен Ұлттық ұлан жұмылдырылды. Полк те күшейтіледі. Қорғаныс министрлігі қосылды, сондықтан күш жеткілікті болуы керек. Қазір күш біріктіруіміз керек. Алдағы 2-3 күнде ауыр зардаптардың алдын алу үшін көп жұмыс істеу керек. Ең алдымен адамдар зардап шекпеуі маңызды.