Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Міндетті медициналық сақтандыру қорының жұмысын жасақтау үшін 8,5 млрд теңге қажет

AstanaTV
25.01.2017ж. 20:00
2642
Міндетті медициналық сақтандыру қорының жұмысын жасақтау үшін 8,5 млрд теңге қажет

Міндетті медициналық сақтандыру қорының жұмысын жасақтау үшін 8,5 млрд теңге қажет. Бұл туралы Сенат қабырғасында өткен отырыста Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрайымы Елена Бахмутова мәлімдеді. Оның сөзінше, қор қыруар қаржыны активтерден алынатын комиссиялық төлемдер арқасында өндірмек. Акционерлік қоғамның шоты тек ұлттық банкте болады. Қаржы тек медициналық қызметтерге жұмсалады, - дейді Бахмутова. Акционерлік қоғамның басты міндеті - міндетті медициналық сақтандыру аясында қаржы жинау болмақ. Қордың қаржыны бақылап, қажет болған жағдайда медициналық орталыққа барып, тексеріс жүргізуге құқы болады.

Елена Бахмутова, коммерциялық емес «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ төрайымы:

Осы орайда жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне о баста жоспарлағандай жалақының 2 пайызын емес, 1 пайызын ғана төлейтін болады. Ал 2022-ші жылға дейін ол 5 пайыз емес, 3 пайызды құрайды деп жоспарлап отырмыз. Осының арқасында осы жылдан бастап 2022-ші жылға дейін жұмыс берушілерге түсетін салмақ әлдеқайда азаяды деген жорамалымыз бар.

Отырыс барысында, медициналық көмекке жүгінбеген азаматтар демалыс орындарына барса, ақшасының 20 пайызын өтеу қарастырылып жатыр. Елена Бахмутова, қызметкерлер мен жұмыс берушілер 2019-шы жылы шамамен міндетті медициналық сақтандыруға қанша ақша бөлетінін де, айтып өтті.

Қызметкерлер айлығының - 1%. Жұмыс берушілер - 1,5%. Жеке кәсіпкерлер екі айлық ең аз жалақыларының  - 5% , өз ісі бар немесе белсенді емес топтар ең аз деген жалақысының - 5 % төлейді. Жеңілдік категориясындағы қазақстандықтардың сақтандыруды үкімет өз мойнына алмақ. Сонымен, жалпы алғанда, жұмыс беруші жылына бір қызметкерге 30 550 теңге төлесе, қызметкердің өзі 20 470 теңге көлемінде, жеке кәсіпкер 35 560 теңге және жұмыссыз топ 17 818 теңге төлейтін болады.

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ