Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Абай Бегей келіншегімен бірге Меккеге қажылыққа аттанды

AstanaTV
10.04.2024ж. 00:24
326
Абай Бегей келіншегімен бірге Меккеге қажылыққа аттанды

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Абай Бегей қасиетті Меккеге құлшылық жасауға аттанды. Өнер иесі бұл сапарға келіншегімен бірге барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегейдің Меккеге аттанғаны туралы оның Instagram желісінен белгілі болды. Әншінің келіншегі өз парақшасында қасиетті мекеннен видео жариялап, желіде не себепті белсенді болмай кеткенін түсіндірді.

"Достар, бізде бәрі жақсы. Тек құлшылыққа мән беріп жүрміз, шамамыз келгенше", - деп жазды Фариза Жұманова.

Өнер иесі бұл сапарға әйелі, қызы мен күйеу баласымен бірге барған.

Жырақта жүрген жұлдызды жанұя еліміздегі төтенше жағдайға алаңдаушылық білдірді. Олар Меккеде дұға тілеп, қолдан келгенше қаржылай көмек көрсетіп жатқандарын айтты.

"Бұл видеоны салайық па, салмайық па деп біраз ойландық. Әйтпесе осы айдың үші - Медина қаласында, жұма күні - Қадір түнінде Меккеге келіп тәуап жасау бұйырып, елде болып жатқан жағдай жүрегімізді ауыртып, Аллаға дұға етіп жатырмыз. Елден жырақта жүргесін, қолымыздан келетіні әзірге дұға мен қаржылай көмектесу. Бірнеше күннен бері үйлерін су алған достарымызға көмекке деп жасырын аударып жатырмыз. Бірақ енді жария түрде де көмектескіміз келіп тұр", - деп жазды әншінің қызы Ерке Ниязқұлова.