Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Декларациялаудың үшінші кезеңі басталды

10.04.2024ж. 20:00
139
Декларациялаудың үшінші кезеңі басталды

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Бұл жолы кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары декларация тапсырады. Декларация тапсыру мерзімі 15-ші қыркүйек күні аяқталады. Егер аталған күнге дейін арнайы қосымша арқылы міндеттелген декларация тапсырылмаса, азамат айыппұл арқалайды.

Айнұр СЫРТАЕВА, ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

оған алғашында ескерту беріледі. Декларацияны кешіктіріліп тапсыру фактісі бір жылда қайталанатын болса, оған 15-айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Декларациясын тапсыру барысында белгілі бір мәліметті жасыратын болса, салық салудан жалтаратын болса 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.