Бірінші вице-премьер су басу қаупі жоғары ауылдарды аралады. Роман Скляр Қызылжар ауданындағы бөгеттер мен шұңқырлардағы бекіністерді бақылап, дайындық жұмыстарын тексерді. Ал ауылдық округ әкімдері атқарылған жұмыс туралы баяндап, эвакуациялау пункттер қалай ұйымдастырылып жатқанын айтты. Қазір Петропавл қаласы, Тайынша және Қызылжар аудандарында жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Облыста Су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жедел штаб құрылды. 678 адам эвакуацияланды, оның 109-ы – бала.