Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жайық-Каспий бассейні аумағында “Бекіре” акциясы өтуде

10.04.2024ж. 20:00
226
Жайық-Каспий бассейні аумағында “Бекіре” акциясы өтуде

Жайық-Каспий бассейні аумағында “Бекіре” акциясы өткуде. Шараға Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары полиция департаменттері мен батыс өңірлік көлік полициясының 300-ге жуық қызметкері және 28 техникасы, оның ішінде бес жүзу құралы, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды. Акцияның мақсаты – браконьерлік және балық өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтап, жолын кесу. 10 күн ішінде 72 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 10 заңсыз өндіру фактісі, екі сатып алу немесе өткізу фактісі, бір балық және балық өнімдерін тасымалдау фактісі бар.

Төлеубай МҰХАМАДИЕВ, ҚР ІІМ ӘПК ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

12 қылмыстық іс қозғалды. 60 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, екі млн теңгеден астам сомаға айыппұл өндірілді. Құқық бұзушылардан 1,5 тоннаға жуық балық, оның ішінде 48 кг бекіре балығы және 3,5 кг уылдырық тәркіленді.