$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Көлік тізгінінде телефон пайдаланғандар жауапқа тартылды

AstanaTV
10.04.2024ж. 22:24
547
Көлік тізгінінде телефон пайдаланғандар жауапқа тартылды

Қызылордада полиция көлік тізгінінде телефон пайдаланған 1286 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және патрульдік полиция батальон қызметкерлерімен көлік тізгінінде телефон пайдаланған 1286 жүргізуші жауапқа тартылды.

Автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Ұялы телефон пайдалану) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Телефон пайдаланып көлік басқарған жүргізушілер 5 АЕК (бес айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы ескертілді.