Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақтөбеде жүрген Димаш Құдайберген: Ең қиын, ең ауыр күндеріміз осымен кетсін...

AstanaTV
11.04.2024ж. 09:38
301
Ақтөбеде жүрген Димаш Құдайберген: Ең қиын, ең ауыр күндеріміз осымен кетсін...

Димаш Құдайберген 10 сәуірде Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесті. Құтқарушылар қазіргі уақытта Құлсары қаласындағы су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

Димаш Құдайбергенов өзінің сапары барысында әскери қызметкерлерге еңбектері үшін алғысын білдірді.

"Бауырлар, шын жүректен рақмет айтамын. Алла Тағаланың елімізге жіберіп тұрған осы сынағы - қиын күндерде бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлігімізді көрсете біліп жатырмыз. Еңбек етіп жүре берейік. Болашағымыз жарқын болсын, ең қиын, ең ауыр күндеріміз осымен кетсін, бұдан кейін тек қана жақсы күндер келсін басымызға", - деді Димаш Құдайберген.