Канадалық баскетболшы Атырауда су тасқынымен күресуге көмектесіп жүр. Мұхиттың арғы жағынан келген Майкл Окафор "Барыс Атырау" командасында өнер көрсетеді. Ол отандық спортшылармен бірге бөгетті нығайтуға атсалысуда. Жергілікті тұрғындар баскетболшылардың бұл көмегіне дән риза болды. Спортшылар қолғабыс етуді бір күнмен шектемейміз дейді. Айта кетейік, қарғын су басқан аймақтарға 32 спорттық федерацияның 7 мыңнан астам өкілі материалдық және қаржылай қолдау көрсетуде.