Әнші Димаш Құдайберген Ақтөбеге барып, тілсіз жаумен күресіп жатқан жерлестеріне қолдау білдіргеннен кейін Атырау облысының Құлсары қаласына барды.
Бүгін ауылымызға Құлсары қаласына Димаш құрдас аққұрдас келді. Сені көріп шаршағаным, белімнің ауырғаны басылып қалды. Саған Алла разы болсын.
Димаш күні-түні еңбек етіп жатқан құтқарушылар мен әскерилерге алғысын жеткізді. Қиын-қыстау сәтте алдыңғы шепте жүрген олардың батылдығы мен жанқиярлығына ризашылығын білдірді. Халыққа қолдауын жеткізді.
Ел аман, жұрт тыныш болсын. Бүкіл қайғылы күндер осымен кетсін. Болашағымыз жарқын болсын, үлкендеріміз аман болсын, кішкентайларымыз өсіп-өнсін.