Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Арнайы зертхана екі сағат сайын судың сапасын тексеріп, есеп беріп отыруы керек", - Р Скляр

11.04.2024ж. 20:00
232
"Арнайы зертхана екі сағат сайын судың сапасын тексеріп, есеп беріп отыруы керек", - Р Скляр

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Петропавл қаласында ауыз су сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды. Шаһарды тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған "Қызылжар Су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сорғы станциясында екі сағат сайын тексеру жүргізіп, есеп беруді жүктеді. Сондай-ақ, өңірдегі су басу қаупі жоғары елді мекендерді, бөгет құрылысы аяқталған Кожевенный және Заречный кенттерін аралады. Қарғын суға қарсы жұмыстарды көріп, жауаптылардың есебін тыңдады.