$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Форт-Шевченко ауылға айналуы мүмкін

AstanaTV
11.04.2024ж. 21:47
548
Форт-Шевченко ауылға айналуы мүмкін

Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласы енді ауылға айналуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, елде тұрғындары 10 мыңға жетпейтін аудандық маңыздағы 10 қала бар. Ауылға айналуы мүмкін қалалар қатарына Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау (Форт-Шевченко), Абай және Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарындағы қалалар қосылған.

«Елді мекендердің мәртебесін өзгерту мәселелерін сол елді мекен тұрғындарының пікірін ескере отырып, аудандық өкілді және атқарушы органдардың ұсынысы бойынша облыстық өкілді және атқарушы органдар (мәслихаттар мен әкімдіктер - еск.) қарайды», - дейді министрлік.

Министрліктің баспасөз қызметі мәліметінше, қала мәртебесі ауылға өзгерген жағдайда тұрғындарға бюджеттік сала қызметкерлеріне 25 пайыз мөлшерінде жалақыға үстемеақы, төмендетілген мөлшерлемелер бойынша жеңілдікті шағын несие алу, сондай-ақ «Дипломмен ауылға» жобасына қатысу мүмкіндігі сияқты кейбір преференциялар қолжетімді болады. Ал ауыл мәртебесі қалаға ауысса, қосымша жұмыс орындары ашылып, шағын және орта бизнестің экономикалық қызметін кеңейтуге, көппәтерлі тұрғын үйлер салуға мүмкіндік болады. Сонымен қатар, өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес әлеуметтік және басқа да нысандар мен қызметтердің тізбесі қайта қаралады.