Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Түркістанға шыққан пойызда сәби дүниеге келді

AstanaTV
12.04.2024ж. 00:27
315
Түркістанға шыққан пойызда сәби дүниеге келді

"Павлодар-Түркістан" пойызында сәби дүниеге келді,- деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы".

10 сәуірде сағат 16:30-да Павлодар-Түркістан бағытында келе жатқан №46 пойызда Зейнеп Абдукаримованың кенеттен толғағы қысқаны белгілі болды. Әйелдің қасында анасы да болған.

"Пойыз жолсеріктері Анар Амандықова мен Назерке Талғарбаева алғашқы медициналық көмек көрсетіп, вагонда барлық жағдайды жасап, сәбиді аман-есен босандырды. Пойыз бригадасы қызметтік нұсқаулыққа сәйкес әрекет етті: жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырылды. Сары-Шаған станциясы, жаңа туған нәресте мен оның анасы дәрігерлерге тапсырылды", - дейді баспасөз қызметі.