Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақтөбе облысында 80 адамды эвакуациялады

AstanaTV
12.04.2024ж. 09:57
243
Ақтөбе облысында 80 адамды эвакуациялады

Осы сағаттарда Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Нұрғали Сырлыбайұлы Жүнісовтың басшылығымен құтқарушылар эвакуациялық жұмыстарды аяқтады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағында құтқарушылар Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына 80 адамды, оның ішінде 53 баланы эвакуациялады.

Эвакуацияланған тұрғындар Ырғыз ауданындағы орта мектепке жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Торғай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданының аумағында Мамыр елді мекенін су басу қаупі туындады.