Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

ҚазАвтоЖол су басқан өңірлерге техникаларын жіберіп жатыр

AstanaTV
12.04.2024ж. 12:36
261
ҚазАвтоЖол су басқан өңірлерге техникаларын жіберіп жатыр

ҚазАвтоЖол су басқан өңірлерге техникаларын жіберіп жатыр. Бұл туралы аталған компанияның ресми өкілі Сәкен Ділдахмет айтты.

«Қазіргі таңда республикалық жолдарда 450 бірлік техника мен 853 адам су тасқынын алдын алу үшін жұмыс істеп жатыр. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысып, аймақтарға табиғи апаттармен күресуге көмек көрсетуде. Компания жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері бойынша Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына қосымша арнайы техникаларды жұмылдырды», - деді Сәкен Ділдахмет Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысының Бөрлі және Теректі аудандарына 33 бірлік техника жіберілді. Сонымен қатар, резервте кез келген уақытта қолдау көрсетуге қосымша 74 бірлік техника дайын тұр.

«Атырау облысының Атырау, Құлсары қалаларында және Махамбет, Хамит Ерғалиев пен Дамбы елді мекендерінде 138 бірлік техника су тасқынына қарсы күресіп жатыр. Сондай-ақ, табиғи апатты алдын алуға басқа облыстардан Атырау облысына қосымша 64 бірлік техника мобилизацияланды. Су тасқынына қарсы шаралар аясында Қазақстанның басқа өңірлеріне, оның ішінде Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына қосымша көмек жіберілді. Жалпы 2 106 бірлік жол-құрылыс техникасы, 24 мотопомпа мен 2 826 жұмысшы жұмылдырылды», - деді ол.