Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

100 мың адам эвакуацияланды

12.04.2024ж. 20:00
172
100 мың адам эвакуацияланды

Елімізде су тасқыны басталғалы бері 100 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Оның ішінде 36 мыңнан астамы бала. Ал 9343 азамат үйлеріне оралды. Уақытша оналасу пунктерінде 6566 тұрғын бар. Бүгінгі күнге дейін 9 млн текше метр еріген қар суы сорылып шығарылған. Сондай-ақ 1 млн қапшық және 1 млн 200 мың тонна иннерттік материал төселген. 

Ерасыл САЙПАШ, ҚР ТЖМ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР КОМИТЕТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ:

Еліміздің 8-өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымды 35 төтенше жағдай әрекет етеді. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды аса мұқият болуға, Су тасқыны кезеңінде сақтық шараларын мүлтіксіз сақтауға, және үйлерден, эвакуациялық пунктерден рұқсатсыз шықпауға шақырады.