Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Кукушкин жартылай финалға шықты

AstanaTV
12.04.2024ж. 22:32
225
Кукушкин жартылай финалға шықты

Қазақстандық, әлемнің 143-ракеткасы Михаил Кукушкин Мадрид челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 165-ракеткасы, Испания өкілі Альберт Рамоспен сынға түсті.

Бірінші партияда Кукушкин 2:5 есебімен ұтылып жатып, камбэк жасады — 7:6 (7:3).

Екінші сетте Рамос 2:0 есебімен алға шығып, сол басымдылығын сақтап қалды — 6:4.

Шешуші, үшінші партияда Михаил жеңісті жұлып алды — 7:6 (7:5).

Үш сағат 53 минутқа созылған тартысты матчта Кукушкин 7 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Рамос 4 эйс, 5 брейкпен (17 брейк-пойнт) көзге түсті.

Михаил Кукушкин финалға шығу үшін әлемнің 158-ракеткасы, италиялық Стефано Наполитаномен таласады.

Ол ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 232-орында тұрған швейцариялық Марк-Андре Хуслерден айласын асырды — 6:2, 7:6 (7:5).