Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Жылқысы суға кеткен балаға кәсіпкерлер ат мінгізді

AstanaTV
13.04.2024ж. 12:00
342
Жылқысы суға кеткен балаға кәсіпкерлер ат мінгізді

«Әке, Ханторыны құтқар!»,- деген балаға кәсіпкерлер ат мінгізді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Күні кеше су тасқынында әлеуметтік желіде кішкентай бүлдіршіннің әкесіне жылқысы «Ханторыны құтқар!» деп жалынған сөзі тарап кеткен болатын.

Бейнежазбада баланың атасы көзіне жас алып, бәйгеде шабатын ат екенін, немересіне тиесілі екенін айтады. Кәсіпкерлер осы видеодан кейін әкесі мен баласын арнайы шақыртып, бұлдіршінге тосын сый жасады.

Бұл игі іске «Бәрекелді!», «Нағыз азамат», «Шүкір, осындай азаматтардың барына», «Қазаққа жаны ашитын қазақ қана», «Болатын баланың бетін қақпа, белін бу деген осындайдан шыққан шығар» деген оқырмандар да өздерінің жылы лебізін білдіріп жатыр.