Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстан еркін күрестен Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

AstanaTV
13.04.2024ж. 12:43
189
Қазақстан еркін күрестен Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстандық еркін күресші Азамат Дәулетбеков Қырғызстанда өтіп жатқан Азия чемпионатында финалдық кездесуін өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еркін күрестен 86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қазақстан құрамасының капитаны үш дүркін Азия чемпионы атанды. Ол финалда Өзбекстан өкілі Жабраил Шапиевті жеңіп, құрлықтық турнирде өз командасына алғашқы алтынды әкелді.

Жеңіске жету жолында Дәулетбеков ирандық Хади Вафаейпураны (3:1) және қытайлық Пейлонг Лиді (11:0) жеңді.

Айта кетейік, Азаматтың Париж-2024 Олимпиадасына лицензиясы бар.

Тағы бір қазақстандық Асыл Айтақын да 61 келіге дейінгі салмақта алтын үшін белдескенімен, ақтық сында кілем иесі Тайырбек Жұмашбек Уулунан жеңіліп қалды.

Бұған дейін Айтақын палестиналық Али Абурумайл (7:0), моңғолиялық Энеболд Энгбат (11:0) және үнділік Акаш Дахияға (11:0) мүмкіндік қалдырған жоқ. Талғат Сырбаз жапондық Кота Такахашиден аса алмағанымен, қарымта белдесуде үндістандық Яш Яшаны (10:0) жеңіп, 74 келі салмақта қола жүлдеге қол жеткізгенімен, ирандық Хоссейн Абузарипаштан жеңіліп қалды.