Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Тұрғындарға пәтер шығынымен бірге үй ішіндегі мүліктің құны да өтеледі

AstanaTV
13.04.2024ж. 18:50
276
Тұрғындарға пәтер шығынымен бірге үй ішіндегі мүліктің құны да өтеледі

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға пәтер шығынымен бірге, үй ішіндегі зақымданған мүліктің құны да өтеледі. Бұл туралы Қостанай ауданының әкімі Берік Таңжарықов айтты. Қазір ауданға қарасты ауылдарды құрылыс сарапшылары аралап, сараптама жасауды бастап кеткен.

Қостанай облысындағы 51 ауыл, Тобыл қаласы қарайтын ең үлкен Қостанай ауданына 4 мыңға жуық адам эвакуацияланған, деп жазады qazaqstan.tv.

"Үйде болған жоқпыз. Бізге алдын ала ескертті ғой, су келеді, заттарыңызды шығарыңыздар өздеріңіз де кетіңіздер деп. Бірақ біз ойладық сонша су келеді деп. Барлық өтініштерді жаздым. Документтерімді тапсырдым. Барлығы айтып жатыр осы көше бізге жаңадан үй салып берсін деп", -дейді Алтынсарин ауылының тұрғыны Ғалия Мейірманова.