Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

25 жүк көлігі жөнелтілді

AstanaTV
14.04.2024ж. 15:30
307
25 жүк көлігі жөнелтілді

Қызылорда облысынан Ақтөбе облысының су басқан аймақтарға гуманитарлық көмек жеткізілді

Су тасқыны басталғалы Волонтерлер фронт-офисі қалада, аудандарда гуманитарлық көмек пунктерін ашып, Ақтөбе өңіріне 25 жүк көлігімен гуманитарлық көмек жөнелтті. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының «Волонтерлер фронт-офис» жетекшісі Болатбек Айтбенбетов хабарлады.

Сондай-ақ, «Торғай-Петролиум» АҚ қолдауымен де 10 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек Ақтөбе, Қостанай, Батыс және Столтүстік Қазақстан облыстарына жөнелтілді.

«Қазіргі таңда гуманитарлық көмек жинау пунктері жұмысын жалғастыруда. Қызылорда қаласында «Тағзым» алаңында фура тұр, белсенді жастар, еріктілер халық әкелген гуманитарлық көмекті жинап, сұрыптап, бірден көліктерге тиеп жатыр», - деді спикер.