$494.87 €520.65 ₽4.91
×

108 мыңға жуық адам эвакуацияланды

AstanaTV
14.04.2024ж. 17:28
435
108 мыңға жуық адам эвакуацияланды

Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш су тасқыны жағдайы туралы осы сағаттағы ақпаратты ұсынды. 

Оның айтуынша, су тасқыны басталғалы бері 107 465 адам, оның ішінде 38 627 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. 11 786 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пункттеріне 7 598 адам, оның ішінде 3 288 бала орналасты.

9,4 млн текше метрден астам еріген қар суы сорып шығарылды, 2 млн қапшық пен 1,2 млн тоннадан астам инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 32 484 адам, 3 709 техника, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.

Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 870 жеке тұрғын үй, 1517 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалуда. 

«Жедел желі» телефондарына 1 667 қоңырау келіп түсті, 123 шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.

«ТЖМ азаматтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады», - деді ведомство өкілі.