Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Батыс Қазақстанға су тасқынына қарсы күреске арнайы және инженерлік техника жіберілді

AstanaTV
14.04.2024ж. 23:11
337
Батыс Қазақстанға су тасқынына қарсы күреске арнайы және инженерлік техника жіберілді

Бүгін Батыс Қазақстан облысына су тасқынына қарсы күреске көмектесу үшін арнайы және инженерлік техника жөнелтілді.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Алматы облысынан 150-ден астам техника, оның ішінде тиеу, инженерлік, жүк және су таситын техникалары және моторлы қайықтар жөнелтілді.

Алматы, Жетісу облыстары және РЖҚЖ техникалары мен жеке құрамы БҚО-ға көмекке аттанды. Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы ТЖД жеке құрамы Атырау және Абай облыстарында жұмыс жүргізуде, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық