Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Су тасқыны басталғалы бері 108 мыңнан астам адам құтқарылды

AstanaTV
15.04.2024ж. 01:05
307
Су тасқыны басталғалы бері 108 мыңнан астам адам құтқарылды

11 950 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналастыру пункттеріне 7 444 адам, оның ішінде 3 111 бала орналасқан.

9,4 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 2,1 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді.

Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 32 963 адам, 3 798 техника, оның ішінде, 764 су сору құралы, 255 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылған.

«Жедел желі» телефонына 1 714 қоңырау түсті, 126 психологтар зардап шеккен адамдарға психологиялық көмек көрсетуде.

Осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 898 жеке тұрғын үй, 1 542 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалуда. Шамамен 3 500 тұрғын үй мен 2 078 аула аумағынан су бұрылды.

«Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ. мен Қызылжар ауданының елді мекендерінде халықты эвакуациялау жүргізілді. Эвакуациялау жұмыстары жалғасуда», - деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Спикер еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ әрекет ететінін еске салды.