$441.8 €480.02 ₽4.88
×

Дзюдо: Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

AstanaTV
15.04.2024ж. 08:28
326
Дзюдо: Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

20-23 сәуір күндері Қытайдың Гонконг қаласында өтетін дзюдодан Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын татами шеберлері анықталды.

Аталған жарысқа Қазақстаннан ерлер және әйелдер құрама командасы қатысады.

Ерлер арасында 60 келі салмақта Нұрқанат Серікбаев пен Елдос Сметов сынға түссе, 66 келі салмақта Ғұсыман Қырғызбаев пен Жанарыс Рахметқали ел намысын қорғамақ. Ал 73 келі салмақта Данияр Шамшаев пен Асқар Нарқұлов белдеседі. 81 келі салмақта Абылайхан Жұбаназар, -100 келі салмақта Нұрлыхан Шархан, аса ауыр салмақта Ерасыл Қажыбаев сынға түседі.

Ал әйелдер арасында 48 келі салмақта Әбиба Әбужақынова мен Ғалия тынбаева, 57 келі салмақта Бақыт Құсақбаева сынға түседі. Сонымен қатар 63 келі салмақта Есмигүл Куюлова, 70 келі салмақта Екатерина Токарева, -78 келі салмақта Аруна Жангельдина мен Маргарита Гриценко ел намысын қорғамақ. Ал аса ауыр салмақта (+78) Камила Берліқаш пен Ақерке Рамазановаға үміт артамыз.

Азия бәсекесіне 36 елден 300-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған.