Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қырғызстанда бүгін «Қазақстанға 112 сағат қолдау» марафоны басталады

AstanaTV
15.04.2024ж. 11:13
226
Қырғызстанда бүгін «Қазақстанға 112 сағат қолдау» марафоны басталады

Бүгін Қырғызстанда «Қазақстанға 112 сағат қолдау» марафоны басталады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қырғызстанда «Инициатива112» бастамасы бүгін «Қазақстанға 112 сағат қолдау» марафонын өткізеді.

Әлеуметтік желіде болатын шара Бішкек уақытымен сағат 15:00-де басталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонға қатысуға ниет білдіруші көбейіп жатыр. Олар су тасқынынан зардап шеккен барлық қазақстандыққа рухани қолдау көрсеткісі келеді. Тікелей эфирге әлемнің әртүрлі елдерінен спикерлер қосылып, қолдау білдіреді, – делінген бастама хабарламасында.

Айт кетейік, қырғыз елі Қазақстанға бұған дейін екі мәрте гуманитарлық көмек жіберді.