Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстанда 57 жаңа су қоймасы салынады

AstanaTV
15.04.2024ж. 17:10
189
Қазақстанда 57 жаңа су қоймасы салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігі су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасының ережелерін қайта қарайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 11 сәуірде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі елді мекендерді су басудан қорғау және тасқын суларды жинау үшін 20 су қоймасын салу жұмыстарына кіріскені белгілі болды. Жаңа су қоймалары елдің 11 облысында салынады.

15 Сәуірде ведомства баспасөз қызметінің ақпаратынша, құжатқа су тасқынының алдын алу және олардан келтірілген залалды азайту бойынша кешенді шаралар қосылады. Жоба барысында осы саладағы озық елдердің – Қытай, Нидерланды және т.б. тәжірибелері ескерілетін болады.

"Тұжырымдамада көзделген 20 жаңа су қоймасын салу жөніндегі жоспар мен басқа да кешенді іс-шаралар өзгермейтінін атап өтемін. Құжаттың мүмкіндігін кеңейту және оған су тасқынының алдын алу іс-шараларын қосу үшін толықтыру қажет. Сонымен қатар, біздің министрлік әр өңірдің әкімдіктерімен 57 жаңа су қоймасын салуды көздейтін кешенді жоспар әзірледі", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.