$511.92 €588.91 ₽6.44
×

«Алдымен экономика, сосын саясат». Саясаттың да кезегі келді.

AstanaTV
28.01.2017ж. 20:00
6622
«Алдымен экономика, сосын саясат». Саясаттың да кезегі келді.

«Алдымен экономика, сосын саясат». Осы қағидадағы саясатдеген екінші ұғымның «қақпағы» ашылды. Жоғары атқарушы билікті бөлу туралы мәлімдеме жасалды:

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асады. Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн. Сонда бұл салаға Үкімет,министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Өкілеттіктерді беру тиісті заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Бұл өзгерістерді Үкімет қазіргі Парламенттің сессиясының аяғына дейін Парламентке енгізуі тиіс. Екіншіден, одан да күрделі міндет - билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету. Осы реформаның аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейтеміз.

Нұрсұлтан Назарбаев «басқару жүйесі күрделірек болмақ, бірақ қоғам да күрделене түсті» деді. «Бір ғана мақсатым бар – елді басқару жүйесін тиімді, тұрақты, қазіргі заманға сай ету».

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Целесообразно передать правительству утверждение государственных программ, за которое оно будет нести всю полноту ответственности. Правительству можно передать право самому образовывать и упразднять центральные исполнительные органы, не входящие в его состав. Президент может отказаться от права отменять либо приостанавливать действия актов правительства и премьер-министра.

40 шақты функциясы Парламент пен Үкіметке беріледі. Президент Жоғары арбитр ролін таңдаған. Сонымен бірге сыртқы саясат, қауіпсіздік, ұлттық қауіпсіздік сияқты бәрінен маңызды функиялар қолында қалады. Яғни Сенат төрағасы айтпақшы, 
«Мықты Президент, беделді Парламент, есепті Үкімет» - саяси жүйе осындай тұжырымдамаға негізделмек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Конституцияға енгізуді көздеп отырған өзгерістер Қазақстандағы демократиялық үдерістерді жетілдіру жолында, жалпы мемлекетіміздің дамуында маңызды бетбұрыс болатыны анық.«Біздің саяси жүйеміз мықты Президент, беделді Парламент, есепті Үкімет тұжырымдамасына негізделетін болады.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Елбасы ұсынған жаңа бағыт мемлекеттігімізді одан әрі нығайтуға, және биліктің барлық тармақтарының жауапкершілігін күшейтуге арналған. Күшті президенттік билікті сақтай отырып, жүргізілетін мұндай реформалар еліміздегі саяси тұрақтылық пен одан әрі өсіп-өркендеуге берік кепіл боларына нық сенемін.

 «Қазақстан 2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша жасалған мәлімдемені әрине, қызу қолдады.

Азат Перуашев, "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы:

Елбасымыздың халыққа деген сенімі және саяси қалауы деп айтуға болады. Біздің партия үлкен үмітпен осы өзгерістерге қарап отыр, қуанып қабылдап отырмыз және қолдаймыз.Кәсіпкерлерді жинап, нақты ұсыныстарымызды жұмыс тобына табыс етеміз.

Әли Бектаев, "Ауыл" партиясының төрағасы:

Жеңімпаз партиялардың қатысуымен үкіметтің құрылымы құрылады, парламент үкімет есебін тыңдай отырып, болашақта әлеуметтік экономикалық өзгерістерге атсалысады,бағдарламалардың орындалуына бақылау жасайды, бұның барлығы халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне қатысты, бізге осындай қадамдар керек.

Нұрлан Ерімбетов, "Қазақстанның азаматтық альянсы" президенті:

Мәселе қоғамның жауапкершілігін күшейтуде.Барлық үкіметтік органдардың жанында қоғамдық кеңестер құрылуда. Көп жағдайларда кадр мәселесі болсын, өзгесі болсын, бұған қоғам да қатысатын болады, қоғамның жауапкершілігі болады, осыны барлығы түсініп отыр, қазір.

Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы 5 саяси партия мен 17ірі қоғамдық бірлестіктен құралған. Сондай-ақ оған 500-ден астам үкіметтік ұйым мүше. Коалиция қазақстандықтарды өзгеріс талаптарын талқылауға шақырды. Ақорданың ресми сайты Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстарды қабылдайтын мекенжайды хабарлады - Үкімет үйіндегі  Президент Әкімшілігінің мемлекеттік құқықтық бөліміне апара алады.Ал электронды мекен жайы -
ap2017@akorda.kz

Реакциясы жылдам, пікір білдіруге дайын саясаттанушылардың кейбірі былай дейді: 

Марат Шибутов, саясаттанушы:

 Менің ойымша, Мемлекет Басшысының айтқаны – дәліз. Мүмкіндіктер дәлізі. Белгілі-бір рамалар. Осы рамалар аясында  қоғам өздерінің ұсыныстарын беруі керек... Оптимизмге жетелейтін өзгеріс. Әрине, әлеуметтік, саяси пессимист адамдар бар. Алайда саяси жаңару көп мүмкіндіктің барын көрсетпек. Халықтың жағдайын көтеріп, демократияландыру процесін тереңдететін. Бірінші - Президент пен үкімет, екінші - Президент пен парламент, үшінші – парламент пен үкімет қарым-қатынасы. Осы 3 ось бойынша өзгерістер болмақ. Президент билігі азаяды, үкімет билігі көбейеді, ал парламентке қатысты – үкімет билігі парламентке қарағанда азаяды. Сонда өкілеттігі артатын – Парламент. Біз соның құзыретін арттыруымыз керек. Себебі «көпшілік алаңқайы» болғасын, солай болуы керектігін барлығы үнемі айтып келеді. Енді қараңыз, Парламентті күшейтетін болсақ, ал оның төменгі палатасы партиялық тізім бойынша құралады, ендеше, саяси партияларды күшейтуіміз керек. Бұл тағы бір қадам. 

«Жаңа нәрсенің» басталатынын барлық тарап айтып жатыр. Мәселе – кімнің атқаратынында. Және процестің қарқынды жүруінде.

Досым Сәтпаев, саясаттанушы:

Менің ойымша, бұл жұмысты жалғастыру керек. Бірінші қадам жасалды. Енді келесі қадам жасалуы керек. Сайлау, партиялық реформа керек. Парламент басқашалау құралуы керек. Онда нағыз электоральды, бәсекеге қабілетті партиялар отыруы тиіс. Тіпті бір мандатты округ бойынша сайланған мықты депутаттар келуі керек.