Өркен есімді 11 жастағы баланы өлтіргендер... Қандай сөз айтсаң да, жауыздарды дәл сипаттап бере алмайсың. Біздің Алматыдағы тілшілер әжесін жазып алған, Тыңдап отырғанда...
Бағдагүл Есіпбекова, әжесі:
Ешқандай кешірім жоқ. Кешірім туралы тіпті сөзде болмаған. Сөз қозғалмаған. Мен просто естідім интернетте сондай кешірім туралы біреулер айтыпты, жазыпты. Ондай тіпті сөз болған емес... Менің балам айтты мен тұрмаймын. Сосын кейін бұл үйге келді. Үйден келіп, алып кетеді. Кешірші, табанынжалайды, сүйеді. Жаным, я все больше не буду, примерный жена болам, пожалуйста, кешірші деп алып кетеді. Содан бір жеті, екі жетіден кейін қайтадан ұрсысады, төбелеседі. Сонымен содан жүрді де, балам кетіп қалды бітті тұрмаймын, мен разводқа берем деп кетіп қалды... Оның планы біріншіден мені өлтірмек екен. Содан кейін барып, Өркенді өлтіру керек екен. Мен тергеушілерге айттым, осы әйелді тергеңіз. Басқа ешқайда бармайды - компютерный клубқа бармайды, ойнамайды. После школы сразу үйге келеді. Ешқайда бармайтын бала, мен 100 процент білем, баламды. Үйге келеді, сабағын оқиды. Теннисына дайындалады, шахматын ойнайды, дайындалады...Она злая была. Ол вообще адам емес. Енді айтып отырмын ғой, көршілері де айтып жатыр дейді ғой. Она была жестокая, балалалырын ұратын қатты,дейді...Ондай ананы тура қолын балтамен шауып өлтіру керек. Ондай бізде неге заң жоқ? Бізге сондай заң шығару керек, Қытайдағы секілді.
Қалай қолы барды, Өркен оны «мама» деп жүрді ғой. Бағынды, қалай соған қолы барды, ол иттің.
Өркенді бәрі жақсы көрді. Класс жетекшісі менімен таңғы 6-ға дейін жүрді ғой. Завуч, деректоры, бәрі-бәрі ата-аналары, бәрі бірге жүрді ғой. 3 күн іздедік қой...
Мен жылағым келмейді, мен 5 уақыт намаз оқимын, мен білемін, көп жыласа ол суға кетіп қалады, ол періште. Оның қанаты суға батып, ұша алмай қалғанын қаламаймын. Ол қиналмасын, қиналсам мен қиналайын. Менің Өркенім қиналмасын, періште болып ұшып жүрсін! Бірақ ішім күйіп жатыр...
Ділдә Сақтағанова, Қазақ қыздар педагогикалық
университетінің оқытушысы, психолог:
Бұл жерде патологиясы бар адам екені көрініп
тұр. Бұл әйелдің дүниетанымының өзі сол нәрсені ойлап, сол
нәрсені істейтін деңгейге шейін және оны тек ой күйінде қалдырмай іске асыратын
деңгейге шейін пісіріп, жетілдіріп оны келтіруінің өзі жалпы диструктивті
іс-әрекет. Қылмысқа бейімділігінің бар екендігі көрініп тұр.Бұл жерде мен
аморально тип дегеннен басқа ешнәрсе айту қиын. Себебі негізі бала үшін ана
қорған, қамқор. Бала өзінің балалығымен негізі ол риясыз сенеді, ата-анасына.
Ол мені қорғайды, не айтсада ол дұрыс, деген біздегі қағидалар бар, аксиома
болып, қалыптасқан...
Алматы қаласы, Алмалы аудандық прокуратурасының мәлімдеуінше, «барлық фигуранттар кінәларын мойындаған». Өгей шешесі Шәрипа Ақбердиева - ұйымдастырушы, сыбайластары - оның ұлы Темір Ақбердиев пен қызы Айдана Ақбердиева, кәмелетке толмаған 9-сынып оқушысы Қадыржан Гулямов және таксиші, негізі күзетші болып істейтін Руслан Муталиев. 19-қаңтарда бала жоғалған. 22-не қараған түні оның денесі саяжайдағы бір үйдің жертөлесінен табылды... Ақбердиева басында жұртпен бірге «іздеген». Күдікке ілінгені, жаңа әжесі айтқандай, тәртіпті, үздік, «түзу жүріп, түзу тұратын» баланың өз бетімен ешқайда кетпейтіні айдан анық болғасын...