Жақында Мәскеуде күң болып жүрген жерінен әзер қашып құтылған Қазақстан азаматы Несібелі Ибрагимоваға туралы ақпарат шықты. Оқиғаны оқи отырып, адамның таңдау құқығына араласуға болмайтынын біле тұра, ең болмағанда риск көп елдердің тізімін жасау керек шығар деп ойлайсың. Себебі адамдардың бәрі бірдей саяси, басқа да жағынан сауатты емес ғой... Құжаты тартып алынған Несібелі 8 ай көкөніс сататын дүкенде істеген. Демалыссыз. Айына бір рет анасымен сөйлестірген. Қожайынның көзінше және телефонның дыбысын шығарып қойып. Жегені қатқан нан мен су және... таяқ. Кешке арақ ішкізген. Сол дүкеннің ішінде түнеген. Бір күні бір қайырымды әйел – дүкенге келуші, оны метроға дейін шығарып салады, әрі қарай тағы бір әйел көмектеседі, соңында құлдықпен күресетін қоғамдық ұйымдар арқылы елге қайтады. Қоғамдық ұйымдар құқық қорғау органдарынан қайран жоқтығын айтқан. Несібелі оқиғасы жария болған соң еліміздегі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров ресейлік әріптесіне хат жазған – соған қарағанда «құлдық» мәселесі...Историясы Несібелінікіне ұқсайды:
Жәнібек Қаныбек:
Мен екі жыл көлемінде болдым ол жақта.Бірінші бастапқы барғанда 1 ай нормально істедім.Ешқандай дөрекілік, наезъд жасау, ешнәрсе байқамадым.1,5 айдан кейін уже басқа нәрселерді ести бастадым.Қорқынышты дауыс, жылап шығып жатыр кабинеттен,соларды естіп көре бастадым.Одан кейін өзім де үрейім қаша бастады.
2013 жылдың сәуірінде Мәскеуге нәпақа табу үшін аттанып, құлдықта болған Жәнібек өмірінің екі жарым жылын «тозақта» өткізген. Жат жерге ол жерлес, таныс апайының нұсқауымен барған. Колледжде оқып жүрген ол, жазғы демалыста бос жүрмей 1-2 ай болса да табыс табуды ойлаған. Сол кезде 18 жаста болған Жәнібекті 95 мың теңге жалақы қатты қызықтырыпты.
Жәнібек Қаныбек:
2-3 қап нан алып келеді.Соны келіп бір рет төк деді. Төксем уже көгеріп кеткен нандар.Соны төккізіп ,ана жерде қыздарға бетін тазалатқызады. Сол нанды турап бізге береді. Кейін өздері тамақ ішкенде күріш-пүріш қалып кетеді ғой,соны тамақтың арасына араластырып жібере салатын.Сол жаңағы нанды ботқа қылып бізге беретін.Екі жылдың көлемінде солай тамақтанып, солай ішіп жүрдім.
Мәскеуге аттанғанда денесі тығыншықтай, салмағы 93 келі тартатын зіңгіттей жігіт елге бар болғаны 49 келі салмақпен оралғанын айтады. Бойы да едәуір шөккен. Азапты күндерге шыдай алмай, бірнеше рет қашуға оқталғанымен әрекеті сәтсіз аяқталған. Зәбір көрсету, таяққа жығу жалғаса берді дейді. Тіпті аяғы сынғанда да аяушылық болмапты.
Жәнібек Қаныбек:
Күнделікті ұрады. Мысалы бала болсаң
көкірегіңнен,жағыңнан ұрады. Бірақ беттен ұрмайтын. Қол көрінетін жерден
ұрмайтын. Саннан тебеді,ұрады почкаңнан.Ең қатты жаныма батқаны бір нәрсені бүлдіріп қойдым, екі ортада
жаңағы жерде әпше шақыртты өзіне.Таяқ жейтінімді біліп өзім дайындалып бардым
да өзім.Олай таяқ жеймін деп ойламадым. Екі бала екі жағымнан тартып тұрды да,аяғымнан
мыжыды. Екі аяғымды екі жақа керіп қойды. Екі ортадан әпше бұтымның арасынан
тебеді. Қатты удармен тепті. Екі мәрте ме, үш мәрте ме, білмеймін.Біріншісін
сездім, ары қарай сезбей қалдым. Екі аптадай зәрге мүлдем шыға алмай
қалдым.
Үлгере алмай жатсаң арқаңа мына жақтан кеп ине тығады. «Болсай те-тез, болсай
тез-тез» деп. Білдіртпей. Иненің ізі қалады,
қанамайды. Бірақ жанға батады.
Жәнібектің көрген қорлығын артынан Мәскеуге іздеп келген туысы да сезбеген. Жанынан бір елі ажырамайтын жандайшаптары мүмкіндік бермеген. Тіпті айына бір рет анасына қоңырау шалуға берілетін уақыттың өзі шектеулі.15-ақ секунд. Жалақы «жинап бір-ақ аласың» деген желеумен болса да жоқ. Ақыры дүкендегі тауарларды сатуға жарамсыз қылып тастағанда, босатады. Жәнібек елге оралған үш айдай шошынып, көз ілуге қорқып жүріпті. Тек психологтың көмегіне жүгінгесін ғана тәуір болыпты. Отанына 2015 жылдың қыркүйегінде оралғанмен басындағы жәйтті енді ғана ашып айтуының себебі мынада.
Жәнібек Қаныбек:
Айтуға қорықтым. Неге екенін білмеймін, өйткені ол жақтан кететін кезде «осы жақтан бірнәрсе айтсаң тауып аламыз.Көміп кетеміз отбасыңмен» деп угрожать еткен.
Жәнібектің айтуынша Мәскеудегі дүкеннің қожайындары шымкенттіктер. Жұмысқа жегілетіндер де осы өңірден. Алдап шақыртады.
Жәнібек Қаныбек:
Ол жақта қазірдің өзінде он қазақтан артық бар шығар.Именно сол магазинде. Адресі: мкр. Голяново, Уральск көшесі, 13-үй. Әлі есімде. Сол жерде магазинде Жанар мен Рашид деген кісі. Қиналдым,басқалар да қиналып жатыр,әлі күнге дейін қиналып жатыр олар.Мен білем.Қазір айтқымкелгені мүмкіндік болса заңнан болсын,басқа жолмен болсын сол жақтағы қандас бауырларымызды алып келуге тырысайық.