Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

AstanaTV
16.04.2024ж. 09:56
310
Грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкектегі Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 87 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Тұрсынов финалда ирандық Насер Гасем Ализадемен белдесті. Өкінішке қарай, қазақстандық балуан жекпе-жекте бір де бір ұпай ала алмады. Ирандық балуан 5:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Нұрсұлтан Тұрсынов пен Насер Гасем Ализаде 2023 жылғы Азия чемпионатының да финалында кездескен болатын.