Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Нью-Йоркте Дональд Трампқа қатысты тағы бір сот басталды

AstanaTV
16.04.2024ж. 11:13
263
Нью-Йоркте Дональд Трампқа қатысты тағы бір сот басталды

Нью-Йоркте АҚШ-тың бүрынғы президенті Дональд Трамптың порножұлдыз Сторми Дэниэлске 130 мың доллар төлеу ісі бойынша сот процесі басталды. Трамп – АҚШ тарихында қылмыстық жауапкершілікке тартылған алғашқы президент, деп хабарлайды  KAZINFORM ВВС-ге сілтьеме жасап.

Бір айдан астам уақытқа созылуы мүмкін сот процесі алқабилерді таңдаудан басталды.

Алғашқы бірнеше минутта үміткерлердің жартысына жуығы (96-ның 50-і) әділ әрі бейтарап бола алмайтынын айтып, процестен шығарылды.

Алқаби болуы мүмкін қалғандарына әртүрлі сұрақтар қойылды, соның ішінде олардың жаңалықтар мен кітап оқу әдеттеріне қатысты сұрақтар да болды.

Барлығы 12 адамды таңдау керек (плюс алты қосымша адам).

Трамп шамамен жеті сағатқа созылған сот отырысынан кейін судья Хуан Мерчанды тағы да сынға алды.

Сот отырысының басында Мерчан қорғаушының өзінен бас тарту туралы өтінішін қабылдамады, бұл жағдай осымен екінші рет болып отыр.

Трамптың адвокаттары оның қызының демократиялық клиенттермен саяси консалтингтік фирмада жұмыс істеуі мүдделер қақтығысын тудырады деп Мерчанды істі қараудан бас тартуға шақырды.

Трамп порноактриса Сторми Дэниэлске өзі жеңген 2016 жылғы президенттік сайлау алдында 130 мың доллар төлегенін жасырғысы келді деп айыпталуда.

Төлем жасау фактісі — заңбұзушылық емес. Дегенмен, Трамп адвокатының ақшасын өтеген кезде бұл сот шығындары ретінде рәсімделген.

Нью-Йорк штатының прокуратурасы бұл әрекетті Трамптың қаржылық құжаттарды қолдан жасауы немесе бұрмалауы деп санауға болатынын, бұл өз кезегінде қылмыс ретінде жіктелуі мүмкін деп санайды.