$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодар облысынан Қызылжарға 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жетті

16.04.2024ж. 20:00
531
Павлодар облысынан Қызылжарға 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жетті

Павлодар облысынан Қызылжарға 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді. Баянауылдықтардың кезекті жүк көлігі кеше Астанадан өтіп, бүгін Петропавлға жетті. Гуманитарлық жүк ірі қоймаға түсіріліп, облыстағы 35 эвакуациялық бекетке таратылды. Көліктерде азық-түліктен бөлек, төсек орын, етік, қайық, күрек пен басқа да құтқару құралдары бар. Игі акцияға «AMANAT» партиясы мұрындық болды. 

Дулат ЖҰМАДІЛОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл гуманитарлық көмек Павлодар жұртшылығының атсалысуының арқасында, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары фракциясының мүшелерінің қатысуымен, жалпы ешкім шетте қалып жатқан жоқ. Барлығы өз көмек қолын созып, аянбай ауызбіршіліктерін көрсетіп жатыр.

 Айдос ӘБЕНОВ, КӘСІПКЕР:

Астана қаласынан қазір отправка жіберіп жатыр павлодарлықтар. Соған өзіміз заттарды салып, көмектесіп, сосын түсіруге де көмектесеміз деп шештік. Қай жерде болмасақ та, еліміз барлығымызға бір. Біз біргеміз деп осы лозунгпен көмектесеміз деген ойдамыз.