Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қазақстанға Қытайдан келіп жатқан тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 2016 жылы 7 есе өсті

AstanaTV
27.01.2017ж. 20:00
2569
Қазақстанға Қытайдан келіп жатқан тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 2016 жылы 7 есе өсті

Қытайдың Қазақстанға қызығушылығы артты. Өткен жылы Аспан асты елінен келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 7 есе өскен. Finprom.kz жүргізген зерттеуінің нәтижесі осындай. Инвестициялар 623,9 миллион долларды құрады. Бірақ кері байланыс төмен. Қазақстаннан Қытайға кеткен жалпы инветициялар былтыр 3 пайызға қысқарған. Ол өткен жылдың 9 айында 41 миллион тенгені құраған. Қытаймен арадағы тауар айналымы 2016 жылғы қазақ елінің сыртқы саудадағы ортақ көлімінің 16 пайызын алды. Дегенмен, сарапшылар қос мемлекет арасындағы сауда көлемі бәсеңдегенін айтады.

2016 жылдың 11 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 7 млрд доллардан асқан. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 27 пайызға төмен. Қытайға жіберілген азық-түлік тауарларының экспорты 115,5 миллион долларды құрапты. Бұл да алдыңғы жылмен салыстырғанда 28 пайызға кем. Ал импорт 42 пайызға төмендеген.